Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда колония қызметкері сотталушыны азаптағаны үшін сотталды
Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемесінің күзет бөлімі бастығының орынбасарына қатысты үкім шығарған.
– Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 3 жыл бойына мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, күзет бөлімінің қызметкері «Әділет майоры» арнайы атағынан айырылып, зардап шеккендерге өтемақы қорына қаражат төлеуге міндетті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.