Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында алты ай ішінде 15 кітап оқыған қатысушылардың үздіктері ақшалай сыйлықтармен, сертификаттармен және медальдармен марапатталады.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

– Басты мақсатымыз – қазақстандықтардың кітап оқу деңгейін жылына кемінде 10 кітапқа жеткізу. Байқау арқылы біз оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, кітапты мектеп кезінен бастап тұрақты әдетке айналдыруды көздеп отырмыз, – деді «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қорының атқарушы директоры Аян Сақошев.

Байқау қыркүйек айында басталып, оның қорытындысы 2026 жылдың наурыз айының соңында шығарылмақ. Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар, отбасылық қауымдастықтар және мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады. 

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқырман мәдениетін өңірдің басты басымдығы деп атап, жобаны кідіріссіз жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқу мәдениетін қалыптастыруды ұлттың прогрессивті ойлау жүйесінің негізі деп бағалады. Сондықтан «Кітап оқитын ұлт» жобасын толық қолдап, кітапхана қызметін жетілдіру, оқушыларды, педагогтарды және ата-аналарды кітап оқуға кеңінен тарту маңызды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

  Жамал АКПАРОВА

 

Басқа материалдар

Back to top button