АймақБас тақырып

Қарағандыда биыл керамикалық бұйымдар өндіретін зауыт ашылады

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыда керамикалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба барысымен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Кәсіпорында премиум санаттағы клинкерлік плитка өндірілмек. Бұл – еліміздегі қасбеттік клинкерлік плитка шығаратын алғашқы өндіріс.

Зауыт жылына 1 млн шаршы метрге дейін өнім шығаруға қауқарлы. Жоба іске қосылғанда шамамен 170 жаңа жұмыс орны ашылады.

Өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталады. Зауытты биыл іске қосу жоспарланған.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button