Қала әкімдігі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 10 сәуірден бастап Гоголь көшесінің бойындағы жол учаскесі жабылатынын ескертті.

– 10 сәуірден бастап Гоголь көшесінің жол өтпесінде автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Складская көшесінен Н.Әбдіров даңғылына дейінгі жол учаскесі жабылады. №011, 7, 40, 49, 63, 65 автобус маршруттарының қозғалысы сызбаға сәйкес жүзеге асырылады.
Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз! Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz