Қарағандыда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Қарағандыда облыстық күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы басталады. Алғашқысы 13 қыркүйекте Global City сауда-ойын-сауық орталығының аумағында ұйымдастырылады. Келесілері 20, 27 қыркүйек, 4, 18 қазан және 1 қараша күндеріне жоспарланған.

Жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы өнімдері, ет-сүт тағамдары және өңір өндірушілерінің тауарлары орташа нарықтық құннан төмен бағамен ұсынылады. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері барлығы 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі әкелініп, 52,2 тонна ет, 55 тонна картоп, 10 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімі, 5 тонна балық, 175 мың дана тауық жұмыртқасы және 10 тонна өзге де өнім жеткізілмек.
Сауда таңғы сағат 9:00-ден бастап “Global City” сауда орталығының аумағында өтеді.
Жәрмеңкеге келесі автобустармен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 66, 70, 146, 02, 29.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА