Жаңалықтар

Қарағандыда кәсіпкерден 700 мың доллар талап еткен күдікті тұтқындалды

Қарағандыда кәсіпкерді қорқытып, 700 мың доллар талап еткен күдікті ұсталды. 47 жастағы қала тұрғыны полицияға бейтаныс адамдардың қысым көрсетіп жүргенін айтып шағымданған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет polisia.kz

Оның айтуынша, олар кәсіпкер мен оның отбасы мүшелерін қорқытып, мүлкіне зиян келтіріп, 700 мың АҚШ долларын талап еткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті анықталып, қолға түсті. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау туралы санкция берді. Қазір тергеу жалғасуда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button