Жаңалықтар
Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды
Кеше Қарағандыда сағат 21:09 шамасында Мирная көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінен өрт шықты. Жертөледен шыққан өрттің салдарынан аумағы алты шаршы метр жер өртке оранды. Салдарынан ағаш еден мен үй заттары жанып кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бір адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Эвакуацияланғандардың ішінде үшеуі – бала.
Мамандардың көмегімен өрт 21:50-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz