АймақЖаңалықтар
Қарағандыда көлік ұрлаған азамат ұсталды
31 қазан сағат 16.00 шамасында Қарағанды қаласының полиция басқармасына белгісіз біреу Бұқар жырау даңғылының бойынан құны 3 млн. теңге тұратын «Форд» шағын автобусын ұрлап кеткені туралы хабарлама түседі.

Көп ұзамай полицейлер қала көшелерін патрульдеу кезінде ұрланған көлікті байқап, құқық бұзушыны қолға түсірді. Қазіргі таңда ұрланған көлік иесіне қайтарылып, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.