Жаңалықтар

Қарағандыда көлік дүкенінен 1,3 миллион теңгенің тауары тоналды

Қалалық полиция бөліміне 44 жастағы кәсіпкер автокөліктердің қосалқы бөлшектері мен жабдықтарын сататын дүкенінен 1,3 миллион теңгенің тауарын ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Түнде белгісіз біреу пластикалық терезені сындырып, дүкеннен 24 бейнебақылау камерасы мен электр құралдарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,3 млн теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын толық мойындады. Қазіргі таңда айғақты заттар тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button