Қарағандыда үйге газ кіргізу үшін әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?
Қарағандыда тұрғындардың жекелеген санаттарының үйлеріне газ кіргізуге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілмек.
Орталық газдандыруды пайдалануға арналған әлеуметтік көмекті келесі санаттағы адамдар ала алады:
– жасы бойынша зейнеткерлер;
– мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
– көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар (АӘК алушылар);
– басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан ардагерлер;
– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, газдандыруға жататын жеке үйлерде тұратын балалардың қамқоршылары.
Әлеуметтік көмектің мөлшері газ жабдығын жеткізуге және орнатуға байланысты нақты шығындарға сүйене отырып анықталады, бірақ 100 АЕК-тен аспайды (бұл 345 000 теңге).
Өткен жылы 8 млн. теңгеден астам сомаға 28 отбасы әлеуметтік көмек алған. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 35 отбасы газға қосылуға 12 млн. теңгеден астам қаражат алды.
Әлеуметтік көмек алу үшін Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Поспелов көшесі, 16 үй мекенжайы бойынша жүгіну керек немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру қажет.
Сонымен қатар газға қосылу үшін 5 жылға дейін пайызсыз несие алуға болады.
Техникалық шарттарды алу үшін төрт құжат қажет:
1. Жеке куәлік.
2. Кадастрлық анықтама (2-ші форма).
3. Техникалық төлқұжат.
4. Жер актісі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz