АймақЖаңалықтар

Қарағандыда іздеуде жүрген Жетісу тұрғыны ұсталды

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды жедел басқару орталығының қызметкерлері жылы аялдамалардың бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылуын байқап, оқиға орнына дереу жеткен полиция экипажы құқық бұзушылардың жеке басын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізген.

Сурет: azh.kz

Тергеу барысында ұсталғандардың бірі Жетісу өңірінің тумасы екені және іздеуде жүргені анықталды. Тергеу мәлім еткендей, ер адам пробациялық бақылаудан жалтарып, бұрын жасаған ұрлығы үшін сот тағайындаған жазаны өтемеген. Қазіргі таңда ұсталған азамат тергеу және пробациялық қадағалауды қалпына келтіру үшін тиісті органдарға тапсырылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button