Қарағандыда ірі көлемдегі контрафактілік тауарлар анықталды
Қарағанды облыстық киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Әділет департаменті бірлесіп жүргізген «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз өнімді анықтау бойынша кешенді рейдтер өтті.

Тексеру LEGO компаниясының ресми өтінішіне сәйкес жүргізілді. Компания өкілдері Қазақстан нарығында жалған өнімдердің таралуына алаңдаушылық білдірген.
Қаладағы бірнеше дүкен мен қоймаға жасалған тексеріс барысында жалпы құны шамамен 1 миллион теңгені құрайтын 175-тен астам контрафактілік LEGO конструкторы тәркіленді.
Сараптама нәтижесі тәркіленген тауарлардың түпнұсқа LEGO өнімдеріне ұқсамайтынын, сапасының төмен екенін және өндіруші туралы мәліметтің жоқ екенін анықтады.
Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімдермен күрес жұмыстары жалғасады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
ortalyq.kz