Қарағандыда IQala коммуналдық қызметтерінің сайты іске қосылды
Енді қарағандылықтарға Коммуналдық қызмет ұйымдарына барудың қажеті жоқ, қызметтер онлайн режимінде қолжетімді. Қарағанды тұрғындары IQala сайтында коммуналдық қызметтерді ұсынуға шарт жасасуға, онда тұратын адамдардың санын азайтуға және тағы басқа қызметтерге ақы төлеу сомасын төмендетуге мүмкіндік алады. Үйден шықпай-ақ өтініш беру тұтынушылардың уақытын айтарлықтай үнемдейді.
Жоба енді ғана жұмыс істей бастады, жұмыс барысында көрсетілетін қызметтердің тізбесі кеңейтіліп, функционалдығы жетілдірілетін болады.

qrg.iqala.kz қалалық қызметтер сайтында өтініш беру үшін сізге ЭЦҚ қажет болады.
Қазір порталда «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Теплотранзит-Қарағанды» ЖШС, «Қарағандыэнерго Саласы» үш ірі монополистің 26 қалалық қызметі цифрландырылды. Болашақта коммуналдық қызметтер тізімі кеңейтіледі.
Жаңа ақпараттық жүйені Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды.
Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Рустам Байжановтың айтуынша, IQala орталығының басты міндеті – қызмет көрсету процесін автоматтандыру, қағазбастылықты, қызмет берушілермен байланыс пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау.
– Бірыңғай орталық құру тұтынушылардың монополистермен қарым-қатынасын жеңілдетеді. Тұрғындар уақытын үнемдей алады. Барлық өтініштер ең қысқа мерзімде пысықталуы тиіс. Егер жүйенің кемшіліктері анықталса, оларды дереу түзету керек. Мүмкіндігінше көп қызмет цифрландырылуы тиіс, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі