ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысы имамдарының жылдық қорытынды жиыны болып өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген басты бағыттарды негізге ала отырып, дін қызметкерлерінің жыл бойы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Атап айтқанда «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бөлімдерінің бір жылдық жұмыс барысына баға берілді.
Сондай-ақ, «2025 жыл – «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында атқарылған қоғамдық шаралар назарға алынды.

Сонымен қатар, бір жыл бойы қарқынды жұмыс атқарып, көптеген игі істердің ұйытқысы бола білген жылдың үздік және белсенді қызметкерлері анықталып, марапатқа ие болды.
Жиын барысында айтылған шаралар есебіне қатысты облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы аудан, қала мешіттерінің жұмыстарына оң бағасын беріп, имамдардың қызметіне сәттілік тіледі.
2025-жылдың үздік дін қызметкерлері ретінде марапатқа ие болған қызметкерлер тізімі:
1. Үздік қала имамы- Саран қалалық мешітінің имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы;
2. Үздік наиб имам – Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы- Амантай Естай;
3. Үздік аудан имамы – Яхияев Мұхаммадқашқари Жоламанұлы;
4. Үздік ауыл имамы- Нұра ауданы, Көбетей ауылдық мешітінің молдасы – Камзин Сергали Базарович;
5. Үздік кент имамы – Абай ауданы, Топар кенті мешітінің имамы – Ақмағанбет Мурсали Қаленұлы;
6. Үздік ардагер имам- Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов ауылдық мешітінің молдасы- Егубаев Свбырбай Раимкулович;
7. Үздік ер ұстаз- Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешіті жанындағы “О.Есенұлы” атындағы діни сауат ашу орталығының ұстазы – Рақымжан Дастан Талапұлы;
8. Үздік әйел ұстаз- Сейткалиева Акниет Дауиргалиевна- Теміртау қаласының “Жақып Ақбай” мешітінің ұстазы;
9. Үздік тазалықшы – Облыстық “Әнет баба” мешітінің тазалықшысы – Ахметова Айгерим Тасболатовна.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



