АймақБас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда имамдар бас қосты

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс имамдарының алқалы жиыны өтті. Басқосуға қала, аудан және ауыл мешіттерінде қызмет ететін имамдар қатысты.

Сурет ihsan.kz

Кездесу барысында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жүзеге асырылатын негізгі төрт бағыт жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда,
— ихсан және насихат жұмыстары,
— діни оқу-ағарту,
— дәстүр мен отбасы құндылықтарын нығайту,
— жат діни ағымдардан сақтандыру мәселелері қаралды.

Осы бағыттар бойынша жыл бойы атқарылатын іс-шаралардың жоспары таныстырылып, имамдардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінде бекітілген бірқатар пәтуалар имамдарға түсіндірілді.

Жиын соңында Қарағанды облысында ұзақ жылдар бойы дін жолында қызмет еткен бірқатар дін қызметкерлері ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button