Бас тақырыпРесми

Қарағандыда Halyk Bank банкоматтары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Halyk Bank банкоматтары қолма қол ақшамен толығып, қалыпты жұмыс істеп тұр. Қалада 219 банкомат бар.

Kaspi Bank картасын ұстаушылар Halyk Bank банкомат желілерінен комиссиясыз қолма-қол ақша ала алады.

Тұрғындардан үрейге бой бермей, банкоматтардан дереу ақша шешіп алуға асықпауды сұрайды.

Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жедел желі жұмысын жалғастыруда: (8-7212) 30-01-36.

Төтенше жағдай туралы сауалдарға жауап алу үшін 109 тегін қызметі тәулік бойы қолжетімді.

Басқа материалдар

Back to top button