Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда халық қолөнерін дәріптеген ерекше фестиваль өтті

Қарағандыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Асамблеясынын 30 жылдық мерейтойына арналған республикалық деңгейдегі халық қолөнері республикалық фестивалі өтті. Оның ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов қатысып, жылы лебізін білдірді.

Суреттер автордан

Жалпы мерейтой аясында ұйымдастырылған фестиваль екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде аймақтың барлық өңірлерінен келген қатысушылар вокал, хореография, ұлттық және классикалық аспаптар арқылы  өз өнерлерін көрсетті.

Ал, екінші бөлімінде қатысушылар этностильдегі сән көрсетілімі мен қолөнер шеберлерінің көрмесіне қатысты. Басқарма басшысы ашылу салтанатында сөз алып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

— Бүгінде өңірде 100-ден астам этнос өкілі өмір сүреді. Солардың бәрі жұдырықша жұмылып, ел бірлігі, татулығы үшін жұмыс істеп жатыр. Ал, оның бәріне ұйытқы болып отырған — Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бұл жерде өз ісінің мамандары отыр. Біз жыл басынан бері 30 жылдықтың аясында біршама жұмыстар атқардық. Солардың басы-қасында ассамблея мүшелері жүр. Баршаңызға алғыс айтамын, – деді Нұрлан Бикенов.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button