Спорт
Қарағандыда Халықаралық теннис турнирі өтіп жатыр
Қарағанды қаласында өтіп жатқан ITF – J60 сериясы KARAGANDA OPEN 1 Халықаралық теннис турнирінде 100-ден астам спортшы өнер көрсетуде.

Жарыс 6 күнге созылады. Додада Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қытай және Чехия спортшылары бақ сынауда. Негізгі кестеде қарағандылықтар Яна Ким мен Родион Трайгель ойнайды.
– Қарағандының корттары – өте ыңғайлы және ішкі жағдайы да жоғары. Сондықтан, турнирді осында өткізіп жатырмыз. 15-17 жас аралығындағы теннисшілер жеке және жұптық жарыстарда өнер көрсетеді. Бұл – шетелдіктер мен жергілікті спортшылар үшін өз деңгейлерін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Жарыс Juniors санатында әлемдік рейтингте көтерілуге мүмкіндік береді, – дейді турнир директоры Дина Нұрпейісова.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz