Бас тақырып

Қарағандыда халықаралық робототехника фестивалі өтеді

Қарағандыда Халықаралық RoboLand 2025 робототехника фестиваліне қызу дайындық жүріп жатыр. Биыл фестивальге Қазақстанның түрлі облыстарынан, сондай-ақ Болгария, Иран, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан барлығы 362 команда, 750-ден астам адам қатысады деп жоспарланып отыр. Сөйтіп Қарағанды тағы да техникалық-шығармашылық, инновация және инженерлік жаңалықтар орталығына айналмақ.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Фестиваль 28-29 наурызда «Жастар» спорт кешенінде  сағат 08.30-17.00 аралығында өтпек.

Биыл қатысушылар 23 санат бойынша, атап айтар болсақ  «Кегельринг», «Лабиринт», «Квадрокоптерлерді маневрлеу», «Шығармашылық санат» бағыттары бойынша бақ сынайды.

Фестиваль аясында дәстүрлі кездесулер өтеді. Пікірталастардың тақырыбы – «Білім беруді цифрлық трансформациялау: трендтер мен перспективалар» деп аталады. Онда жетекші сарапшылар оқу процесіне цифрлық технологияларды енгізуді талқылайды және STEM-білім беруді дамыту бойынша тәжірибе алмасады.

Фестивальді ұйымдастырушылар – Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен  Қарағанды облысының білім басқармасы, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы екенін естеріңізге сала кетеміз.

Толығырақ ақпаратты www.roboland.kz сайтынан алуға болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button