Бас тақырыпБасты тақырып
Қарағандыда астық түсімі 896 мың тоннаны еңсереді
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, биыл агросекторды әртараптандыру аясында майлы және мал азықтық дақылдардың көлемі де айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, майлы дақылдар 78,1 мың гектардан жиналады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, көкөніс-бақша өнімдері бойынша да оң динамика байқалады. Картоп алқабы 14,7 мың гектарды құраса, көкөніс 2,06 мың гектар жерге егілген. Биылғы ауа райы жағдайы мен агротехникалық шаралардың уақытылы жүргізілуі мол өнім алуға мүмкіндік ұсынатындай.
Алдын ала есеп бойынша, гектарына орташа 9,8 центнер өнім алынса, жалпы астық түсімі 896,2 мың тонна көлемінде болады деп күтілуде.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ
«Ortalyq Qazaqstan»