АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда газ тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте газбен жабдықтау жүйелерінің техникалық шарттарын алу рәсімі туралы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының газдандыру бөлімінің басшысы Аманжол Мұхамет айтып берді. Қарағандыда жеке секторларда табиғи газ 7018 үйге қосылды. Қазіргі таңда қала бойынша орталық газбен жабдықтауға 2319 үй қосылған.

Суретті түсірген: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Газбен жабдықтау желілеріне екі аптада қосылуға болады. Техникалық шарттарды eGov.kz порталы немесе ktga.kz сайты арқылы онлайн, сондай-ақ біздің филиалда офлайн түрде алуға болады. Біздің филиал жаңа мекенжайға көшті, енді кеңсеміз Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29 мекенжайында орналасқан. Техникалық шарттар тегін беріледі. Ол үшін тек төрт құжат ұсыну қажет: жеке куәлік, тіркелген құқықтар (мүлік ауыртпалығы) туралы мәліметтер 2-форма, газдандыру объектісінің техникалық паспорты және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар. Үйлерді газға қосу кезінде үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету шартын жасасу міндетті. Оны өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кез келген сертификатталған компаниямен келісуге болады. Газ тарифін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілейді. Бүгінгі таңда тариф – 37 теңге 43 тиын, – дейді Аманжол Мұхамет.

Техникалық шарттарды алғаннан кейін абоненттер газдандыру жобасын әзірлейтін және құбырлар мен жабдықтарды үйге тартатын компанияны табуы керек. Содан кейін «ҚазТрансГазАймақ» Қарағанды өндірістік филиалы оны газбен жабдықтау желілеріне қосады.

Айта кету керек, қарқынды газдандыру жұмыстары Теміртауда да жүріп жатыр. Табиғи газ 1637 үйге тартылды, оның 931-і газбен жабдықтауға қосылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button