Қарағандыда газ тұтыну енді смартфон арқылы онлайн бақыланады
Енді газ тұтынушыларға халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне барудың немесе телефон арқылы хабарласудың қажеті жоқ. Сонымен қатар WhatsApp мессенджерлері арқылы көрсеткіштерді жіберу сияқты қателіктер мен кешігулер де болмайды. Qazaqgaz Aimaq мобильді қосымшасы газ есептеу құралдарының көрсеткіштерін тіркеу және беру процесін барынша оңайлату үшін жасалды.
Сурет «QazaqGaz Aimaq»
Қосымшаның басты артықшылықтары – ыңғайлылық, уақыт үнемдеу және тәулік бойы қолжетімділік.
–Қосымша тіркелу, жеке есеп шотын қосу, көрсеткіштерді енгізу, тұтыну тарихын қарау, мерзімдер бойынша еске салулар алу және есеп-қисаптың ашықтығын бақылау секілді бөлімдерден тұрады, – дейді АО «Qazaqgaz Aimaq» филиалының сату және газбен қамтамасыз ету қызметінің бас маманы Нұрхан Есенгелдиев.
Аяулым СОВЕТ