Жаңалықтар
Қарағандыда футбол фестивалі басталды
Бүгін Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында облыстағы барлық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі басталды. Аталмыш шараға елдің түпкір-түпкірінен 200-ден астам бала қатысуда.
Фестиваль аясында «Шахтер» футбол орталығының бапкерлері балалармен түрлі конкурс өткізіп, негізгі команда ойыншылары шеберлік сабағын ұйымдастырады. Сонымен қатар, балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында матч өткізбек.
Шара соңында қатысушыларға естелік сыйлық табысталады деп жоспарлануда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz