Бүгін түнде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада көз жұмды.
– Қарқынды реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы екі қызметкерінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескен болатын. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қаза болғандар – балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев.
Айта кетейік, бұған дейін ферроқорытпа зауытында пеш бастығы болып жұмыс істеген Музафар Исайлов пен технолог болып қызмет атқарған Ерұлан Қазкен ауруханада көз жұмған еді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz