Жаңалықтар

Қарағандыда ферроқорытпа зауытында қаза тапқан қызметкердің отбасына он жылдық жалақы төленеді

«YDD Corporation» компаниясы Карағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдайдан кейін қаза тапқан қызметкердің отбасына қолдау көрсетеміз деп уәде берді, деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Сурет: kaz.kazlenta.kz

Бүгін компания қайтыс болған Музафар Исмаиловтың отбасы алдындағы міндеттемелерінің тізімін жариялады. Музафар Исмаилов ферроқорытпа зауытындағы пеште жалын шығып, денесін 85% күйік шалған еді. Алған жарақаттары салдарынан ол төртінші күні ауруханада қайтыс болды.

«YDD Corporation» компаниясы Музафар Имантайұлының қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтады.⠀

Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. 

Компания келесі міндеттемелерді атқарады:

– Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды.

– Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді.

– Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиелерін толық өтейді.

Мұзафар Исмаиловтың соңында үш жасар қызы мен бірге енді толған ұлы қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен өрт шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шеккен болатын. Зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы әлі де ауыр. 5 адам жансақтау бөлімінде. Тағы екеуі интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Жұмыс беруші Астанадан, Ресейден дәрігерлер шақыртқанымен, жағдай оңалмай тұр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button