21 наурыз күні Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік бағдарлама күтеді.

Сағат 12:00-де Орталық саябақтың басты алаңында «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты театрландырылған мерекелік шоу басталады. Бағдарлама аясында көрермендерге қызықты ұлттық ойындар, әсерлі музыкалық нөмірлер және балаларға арналған көңілді шаралар ұсынылады.
Мерекелік кештің шырайын Нұрлан Өнербаев, Маржан Арапбаева және Жігіттер тобы сынды өнер жұлдыздары ашады. Сонымен қатар, жергілікті әртістер мен шығармашылық ұжымдардың өнері де көпшілік назарына ұсынылады. Кешкі концерттік бағдарлама сағат 18:00-де жалғасады.
Сол күні Кеншілер мәдениет сарайында да мерекелік қойылымдар ұйымдастырылып, қонақтарға ән мен өнерге толы қызықты бағдарлама ұсынылады.
21 наурыз күні сағат 11:00-ден 15:30-ға дейін қалада «Наурыз – дәстүрлер керуені» атты мерекелік автобус қатынайды. Көшпелі өнерпаздар қала көшелерін аралап, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, түрлі ойындар өткізіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Автобус келесі аялдамалар арқылы өтеді: Абзал сауда үйі, Кеншілер мәдениет сарайы, Таир сауда орталығы, Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы, «Мечта» сауда үйі және Global City алаңы.
22 наурыз күні мерекелік шаралар жалғасын тауып, Қарағанды қаласының Орталық саябағында, Достық үйінде, Теміржолшылар мәдениет сарайында, Майқұдық саябағында және «Жастар» мәдениет үйінде «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты театрландырылған концерттер өтеді.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнін бірге қарсы алуға шақырамыз!
Арайлым КӘРІҒҰЛ
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ IV курс студенті



