Бас тақырып

Қарағандыда ескі жиһаздар мен құрылыс қалдықтарын қайда шығаруға болады?

Қаланың қоқыс контейнерлерінен және аумақтарынан ірі көлемдегі қоқыстарды көптеп кездестіруге болады. Тұрғындар ескі жиһазды, істен шыққан тұрмыстық техниканы, сантехникалық бұйымдарды, жөндеу жұмыстарынан кейін құрылыс қалдықтарын, плиткалар, ескі есік жақтаулары, кірпіштерді де және т.б. жиі қалдырып кетеді. 

Сурет stop-othod.ru

Қарағандылықтарға тұрғын үй аулаларында ескі жиһаздар мен құрылыс қоқыстарын тастауға тыйым салынатынын естеріңізге саламыз. Тұрғын үй аумақтарындағы қоқыс жәшіктері тек тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған. Заңсыз ережелерді бұзғаны үшін қала тұрғындарына айыппұл салынады.

Жеке тұлғалар үшін тыйым салынған жерлерге қоқыс шығарғаны үшін 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл, ал заңды тұлғалар үшін – 200-ден 1 000 АЕК-ке дейін қарастырылған.

Қатты тұрмыстық қалдықтар контейнеріндегі құрылыс қалдықтары (құрылыс жұмыстарынан қалған қалдықтар: кірпіш, тұсқағаз, гипсокартон және басқа материалдар) үшін айыппұл тұрмыстық қалдықтарға қарағанда көп мөлшердегі айыппұлға әкелуі мүмкін.

Қарағанды қаласының аумағында габаритті емес қалдықтарды шығаруға арналған мамандандырылған полигондар бар.

Тұрғындар Пәтер иелері кооперативімен бірлесіп, қоқыс полигондарына өз бетінше шығаруы тиіс. Компаниялардың полигондарында құрылыс қалдықтарын қабылдап қана қоймай, оларды сұрыптайды. Олардың бір бөлігі қайта өңделеді және оларды қайта пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдарға беруге болады. Аймақта бұндай жұмыстармен «ГорКомТранс» ЖШС және «ЭкоАлем Қазақстан» ЖШС компаниялары айналысады.

Қала тұрғындары полигондарға кіру үшін алдын ала талон алуы керек. Талонды тегін компания кеңселерінде мына мекенжайлар бойынша алуға болады: Пригородная көшесі, 7/3 бет; Щорс көшесі, 100, 5 кеңсе.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button