Жаңалықтар

Қарағандыда есірткі жарнамалаған ер адам ұсталды

Қарағанды полицейлері синтетикалық есірткіні жарнамалап жүрген 36 жастағы ер адамды ұстады.

Полицияның мәліметінше, ол Дружба мен Сочинская көшелеріне жазба қалдырып үлгерген.

– Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Есірткі құралдарының жарнамасын, оның ішінде граффити арқылы тарату 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланатын қылмыстық құқық бұзушылық екенін еске саламыз, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Сурет пен видео: Полиция департаментінен

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button