Жаңалықтар

Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қарағандыда полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, синтетикалық есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 және 28 жастағы екі ер адам мен 24 жастағы қыз ұсталды. Күдіктілер жалға алынған көлікпен қала ішінде жүріп, есірткі заттарын жасырып, олардың координаттарын клиенттеріне жіберіп отырған.

Ұстау барысында Абай ауданы есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі қызметкерлері 40 орама есірткі затын, кристалды және өсімдік тектес есірткі салынған контейнерлерді, сондай-ақ, қаптама материалдарын тәркіледі.

Сараптама нәтижесі бойынша, тәркіленген заттардың арасында 131 грамм синтетикалық PVP препараты, 45 грамм каннабис экстракты және 443 грамм кептірілген марихуана бар екені анықталды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button