Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда ер адам көршілерін тұрмыстық газбен жарып жібермек болды
Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 18 наурыз күні сағат 14.00 шамасында «102» телефонына ер адам Гапеев көшесіндегі пәтерінде газ құбырының клапанын ашып, көршілеріне қауіп төндіріп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметкерлері жетіп, жалпы газды тез арада өшіріп, тұрғын үйден 38 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Тәртіп бұзушы алкогольдік масаң күйде болған 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері есікті бұзып кіріп, ер адамды ұстады. Ол қазіргі таңда жүйке-психиатриялық диспансерге жатқызылды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.