Қарағандыда Елорда күніне арналған мерекелік концерттер өтеді
Астана күніне орай Қарағандының орталық саябағы мен мәдениет ошақтарында түрлі жанрдағы концерттер ұйымдастырылады. Жергілікті әртістер мен қонақтар елорданың ырғағын ән мен күй арқылы жеткізеді.

Сенбі, 5 шілде
Сағат 20:00 – «Үлкен сахна» фестивалі. Көрермендерді Орталық саябақтың жағалауына шақырады.
Жексенбі, 6 шілде
Сағат 10:00 «Молодежный» мәдениет сарайында – Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына және Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына арналған «Ұлттың үні – домбыра» концерті;
сағат 12:00 «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаңда – «Астана бояулары» флеш-суреттер фестивалі өтеді.
Осы уақытта Майқұдық саябағында «Қазағымның жыры сенсің – Домбыра» атты мерекелік концерт басталады.
Сағат 14:00 – Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Елорда – еңселі Астана!» концерттік бағдарламасы.
Сағат 15:00-де «Ерекше қос жұлдыз» инклюзивті фестивалі басталады.
Сонымен қатар, сағат 15:00 Сұрыптау саябағында «Ұлы даланың інжу-маржаны» стенд-форумы және Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 210 жыл толуына арналған «Ұлы домбырашылар: қазақ музыкасының аңыздары» атты музыкалық мозаика фестивалі өтеді.
Сағат 18:00 Теміржолшылар мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Жайнай берсін – Астанам!» мерекелік концерті өтеді.
Сағат 18:00 «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Әнім саған, Астана!» концерттік бағдарламасы басталады.
Майқұдық саябағында сағат 18:00 «Жаса, жайна Астанам» концерті өтеді.
Сағат 20:00 Орталық саябақта ашық аспан астында «АСТАНА – ЕЛ ЖҮРЕГІ» музыкалық шоуы басталады. Бағдарламада театрландырылған қойылымдар, фольклор, эстрадалық хиттер мен жарық және лазерлік шоудың элементтері бар.
Дүйсенбі, 7 шілде
Сағат 16:00 Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.
17:00-де саябақта «Қарағанды вернисажы» арт-жобасы басталады.
Сағат 18:30–20:30 аралығында Орталық саябақта армрестлингтен жарыс өтеді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА