АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда екі жастағы баланы жүк пойызы қағып кетті

1 маусым күні Қарағанды облысында оқыс оқиға орын алды. «Қарағанды – Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында екі жасар бала теміржол жолына шығып кетіп, жүк пойызының астына түсіп қалды. Оқиға сағат 11:47 шамасында болған.

Сурет stan.kz

Жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті қолданғанымен, баланы қағып кетуден сақтай алмады. Оқиға орнына дереу жеткен ата-анасы баланы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

– Бала ауыр жағдайда жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды, – деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы да жағдайға түсініктеме берді:

– Пойыз машинисі баланы көре салысымен шұғыл тежегіш қолданды. Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді, – делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін ақпарат «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы желілік полиция бөлімшесіне берілді. Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button