Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда екі жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға туралы хабарлама 112 пультіне 11 тамыз күні кешкі сағат сегізде түскен.Түрлі жарақаттар алған бала қазір ауруханада жатыр.

Сурет: turkystan.kz

– 11 тамызда 13 ықшам ауданда ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Дәрігерлер қазір баланың жағдайын орташа деп бағалап отыр.

– Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Бала облыстық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, – деді Денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды, кішкентай балалары бар үйдің терезелерін арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықтауды ескертеді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button