Жаңалықтар

Қарағандыда екі күн ішінде 1500-ге жуық құқық бұзушылық дерегін анықталды

Аймақта қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау, қылмыстың алдын алу, жол жүру ережелерін сақтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық жолға жауапты мамандармен бірлесе рейдтік шаралар өткізуде. Нәтижесінде, екі күн ішінде 1500-ге жуық құқық бұзушылық дерегін анықтаған.

Рейд кезінде топ өкілдері полиция қызметкерлері мен жол белгілері талаптарын елемеген – 243, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен – 50, жылдамдықты шектен тыс асырған – 45 жолаушыны ұстаған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүру ережелерін бұзған – 287 адамды анықтаған.

Рейд кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесінің бойында шамын жақпаған автокөлікті тоқтатқан. Көлік тізгіндеген 57 жастағы қала тұрғынына ӘҚБтК-нің 602-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, хаттаманы толтыру барысында полицейлер жүргізушіден ішімдіктің иісін сезген. Кейін медициналық куәландыру барысында оның мас күйде болғаны анықталды. Осыған орай полиция қызметкерлері 57 жастағы азаматқа ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес хаттама толтырды. Жүргізуші соттың шешімімен әкімшілік қамауға алынды.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button