Қарағандыда Карл Маркс көшесінде №56 және №44 автобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, жеті жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше оқиға Карл Маркс көшесінде орналасқан «Корзина» сауда үйінің маңында болған. Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, барлық қажетті сараптама тағайындады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жолаушылардың №1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін, салдарынан бес қарағандылық медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Олардың барлығы әртүрлі дене жарақаттарын алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы екі жолаушыға дәрігерлердің көмегі қажет болмаған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ