Жаңалықтар

Қарағандыда екі қабатты ЖШС ғимараты өртенді

Бүгін, 7 сәуір күні сағат 15:40-та Қарағандыда Төтенше жағдайлар департаментіне «Бытовая» көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Суретер: ТЖД

 «КазСанВенСтрой» ЖШС екі қабатты ғимаратының 250 шаршы метр аумақта шатыры мен  терезе, есік блоктары жанған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 34 құтқарушысы мен 8 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар өрттің таралу қаупін жойып, өрт сағат 17:00-де ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button