Қарағандыда дін қызметкерлері марапатталды
Рухани келісім күні мен Республика күні қарсаңында дін саласында еңбек етіп жүрген имамдар мен дін қызметкерлері арнайы марапатталды. Олар қоғамдағы рухани тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды деп хабарайлайды Ortalyq.kz http://Ihsan.kzсайтына сілтеме жасап сілтеме жасап.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының жетекшілігімен өңір мешіттерінің де өкілдері марапат иегері атанды. Марапат иелерінің қатарындағы:
«Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы – «Үздік дін қызметкері»,
Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлы – «Үздік тәлімгер-ұстаз»,
«Бала қажы» мешітінің имамы Махмуд қажы Нұрұлы – «Үздік ғибадатхана», «Әл Машани» мешітінің молдасы Мирас Ерланұлы – «Үздік сауапты іс» номинациясы бойынша марапатталды.
Қарағанды облысының Дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы марапат иелерін құттықтап, дін қызметкерлерінің қоғамдағы рухани келісім мен тұрақтылықты сақтау ісіндегі еңбегін жоғары бағалады.
Жамал АКПАРОВА



