Қарағандыда Әдеп жөніндегі уәкілдердің кеңесі өтті
Қарағандыда Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында кеңес өтті.

Семинар-кеңес Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі Данияр Мерғазин, Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Бану Ахметжанова және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Серік Біләлұлының қатысуымен өтті.
Семинар-кеңеске Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы, Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті, Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшылығы мен мамандары және ЗУМ жүйесі арқылы аталған мекемелердің 7 аудан мен 6 қаладағы құрылымдарының басшылары мен мамандары қатысты. Олар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметшілердің қызметке байланысты шектеулерін талқылады. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы жауапкершілік түрлеріне тоқталды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңдылықтар аясында құзырлы органдар тарапынан келген өкілдер жауап берді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті