Қарағандыда демалыс күндері кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Қарағандыда 16 наурыз күні Global City СОО аумағында «Ауыл Береке – 2024» кезекті облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тегін көлік ұйымдастырылмақ.
Жәрмеңкеде облыстың 7 ауылдық Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары 100-ден астам ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Сонымен қатар Қарағанды, Саран және Шахтинск өңдеу кәсіпорындары қатысады. Ұйымдастырушылар бағаны орташа нарықтан 10–15% төмен деңгейде ұстауға уәде етті.
Жәрмеңкеге төрт бағыт бойынша тегін қоғамдық көлікпен жетуге болады.
Сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Оңтүстік-Шығыстан жүреді. Қозғалыс 30 шағын ауданнан басталып, одан кейін Мұқанов көшесі, Республика даңғылы, Шахтерлер даңғылы, Тәттімбет көшесімен жүріп өтеді.
10:00-ден 16:00-ге дейін автобустар Сұрыптаудан-Майқұдық, Михайловка және Пришахтинск аудандарынан жүреді:
– Сұрыптау-Майқұдық – Global City. Қозғалыс «Жастар» кафесінен басталып, одан әрі Жекібаев, Мануильский, Серов, Дружба, Менделеев, Магнитогорская, К. Маркс көшелерімен өтеді.
– Михайловка – Global City. Бағыт ДСК-дан басталып, одан әрі Сейфуллин даңғылы, Аманжолов, Чкалов, Абай, Терешкова көшелері, 7-ші магистральмен жүреді.
– Пришахтинск – Global City. Қозғалыстың басталуы 23 шағын аудан, одан әрі Луначарский, Зелинский, Попов көшелері, 15-ші магистраль, Гоголь, Абай, Терешкова көшелері, 7-ші магистраль.
Барлық автобустарда «ЖӘРМЕҢКЕ» сөзі жазылған арнайы тақтайшалар орналастырылады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz