Жаңалықтар

Қарағандыда әдеби кеш өтеді

30 қыркүйек 11.00-де Н. В. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс-залында Қарттар күніне арналған «Уайымсыз өмір сүру» әдеби отырысы өтеді.

20 жылдан астам уақыт бойы қыркүйектің соңғы жексенбісінде өзінің қарт оқырмандары үшін кітапхана әдеби-музыкалық композициялар ұйымдастырып, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізеді.

– Биылғы жылы біз әдеби отырыс ұйымдастыруды ұйғардық. Осымен 15 жыл бойы бізде «Әдеби қонақжай» клубы қызмет етіп келеді. Оның құрамына 50-ден асқан адамдар кіреді. Міне, осы клуб аясында біз Қарттар күріне орайластырылған шара өткізуді жөн көрдік. Сондай-ақ 1-ші қазанда біз өз ардагерлерімізді құттықтаймыз. Олар үшін дастархан, жайылып, концерт ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етіледі, деді Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК директорының орынбасары Айнұр Шаймұханбетова.

Өзінің қызмет етіпр келе жатқан уақытында «Әдеби қонақжай» клубы қызықты кездесулер мен достық әңгімелердің орны болып келеді. Клуб отырысының шеңберінде сұрақ-жауап кештері, музыкалық кештер және тағы да басқа шаралар ұйымдастырылып, оған танымал жазушылар, ақындар мен журналистер шақырылады. 
Клуб отырыстары әр айдың соңғы жексенбісінде 11.00-де өтеді. Клубтың мүшесі ретінде 50-ден асқан кітапхана оқырмандары тіркеле алады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша Халықаралық қарттар күні 1991-ші жылдан бастап жыл сайын 1-ші қазанда атап өтіледі. Қазақстанда бұл мереке Қарттар күні деп аталады. Ерекше назарға аз қамтылған қариялар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер алынады, оларға материалдық және басқа да қажетті көмек көрсетіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button