Қарағандыда Дүниежүзілік тазалық күніне орай экологиялық сенбілік өтті
Қарағанды қаласында Дүниежүзілік тазалық күніне арналған ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері мен оқытушылары, Экология департаментінің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Қатысушылар Крамского көшесі, 44/4 үй маңындағы жасыл аймақты қоқыстан тазартып, қалдықтарды сұрыптап жинады. Пластик, әйнек пен қаңылтыр бөлек жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.
Нәтижесінде 52 қап қоқыс жиналды. 32 қап қалдық қайта өңдеуге тапсырылды.
Сенбілік барысында викторина ұйымдастырылып, жеңімпаздарға экобөтелкелер табысталды.
Сонымен қатар барлық қатысушыларға брендтелген экошопперлер сыйға берілді.
Шара аясында қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыруға арналған шағын экобілім бұрышы да жұмыс істеді.
Іс-шара Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы шеңберінде өтті.
Жамал АКПАРОВА