Бас тақырыпСпорт
Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады
Бүгін, 18 желтоқсан күні Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады.
Чемпионатқа ұлттық құраманың көптеген көшбасшысы қатысады деп жоспарланған. Алайда құрлық біріншілігінен кейін ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР чемпионатына дайындалуға уақыттың болмауына байланысты республикалық турнирге қатыспайтынын айтты.
Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 14:00-де, ал кешкі сессия 18:30-да басталады.
Ел чемпионаты 24 желтоқсанда аяқталады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz