Кеншілер қаласында бизнес пен инвестиция мәселелері айтылды
Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Ол өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге кәсіпкерлермен кездесіп, бизнес-климатты жақсарту және өзекті мәселелерді талқылады.

Өңірде шамамен 100 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 6,5 трлн теңгеге жуық. Экономиканың үштен бірі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, инвестиция тарту басты назарда.

Кәсіпкерлер заңсыз импорт, демпинг, отандық өндірушілерді қолдау және сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелерін көтерді. Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Сапар аясында Қанат Шарлапаев өнеркәсіп орындарын, «Террикон алқабы» ІТ-хабын және «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесін аралады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



