АймақҚарағанды

Қарағандыда бірнеше жол учаскесі жабылады

10 қарашадан бастап С.Сейфуллин көшесінен (ДСК көпірі) Дубовская, Бадина көшелері бойынша жол учаскесі жабылады.

Сурет: “Қарағанды Су” ЖШС

Аталған жол учаскелерінде «Қарағанды Су» ЖШС компаниясы инвестициялық бағдарлама бойынша ұзындығы 3053 м су құбыры желісін ауыстыру жұмыстарын жүргізбек.

– Су құбырын ауыстыру жұмыстары кезінде қала тұрғындары бұрынғы су құбыры желісі арқылы сумен қамтамасыз етіле береді, су өшірілмейді. Су құбыры Саран тас жолы, Механический, Халиулин, Заводской, Горноспасательной, Балакирева және т.б. көшелерін сумен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Жүргізушілерден айналма жолды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – дейді «Қарағанды Су» ЖШС компаниясы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button