Аймақ

Қарағандыда бір топ жас бұзақылық әрекеттермен ұсталды

Қарағанды облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы «Таир» сауда үйінің автотұрақ маңында өзара қақтығысып қалған бір топ жастың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды.

 

Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і – кәмелеттік жасқа толмағандар. Полиция қызметкерлері ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіледі. Көліктер Қарағанды қалалық полиция басқармасының автотұрағына қойылды.

 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button