Жаңалықтар

Қарағандыда бірқатар автокөлік ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Өткен жылдың 16 желтоқсанында Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне хабарлама түсіп, белгісіз адамдар көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан Nissan автокөлігін ұрлап кеткені туралы айтып шағымданды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, 30 қаңтарда Теміртауда белгісіз біреулер ВАЗ автокөлігін ұрлап кетті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері мен Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұрланған көлікті тапты. Көлік ішінде 26 және 28 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары екендігі анықталды. Олардан заттай айғақтар алынды.

Полиция күдіктілердің осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Басқа материалдар

Back to top button