Бас тақырып

Қарағандыда бильярдтан облыстық турнир басталды

Қарағандыда отандық тележурналистиканының дамуына сүбелі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды телестудиясының тұңғыш директоры Қали Аманбаевтың туғанына 100 жылдығына орай БАҚ қызметкерлері арасында ұйымдастырылған бильярдтан облыстық турнир басталды. Шараның ашылу салтанатына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова қатысып, жылы лебізін білдірді. 

Суреттерді түсірген автор

– Совет заманы кезінде бірге жұмыс істедік. Ол кісінің шәкіртімін. Ақыл-кеңесінің арқасында партия қызметіне тағайындалдым. Жауапкершілігін, намысқорлығын ерекше айтар едім. Әр нәрсені байыппен шешетін. Жалпы, халқына, елі мен жеріне еңбегі сіңген жанға құрмет көрсету – заңдылық. Есімін ардақтап, осындай шарада азаматтарымызды біріктіріп отырған жандарға алғысымды айтамын. Осындай игі шаралар көп болсын, – деді Рымбала Кенжебалақызы. 

Турнирге аймақтың түпкір-түпкірінен 16 үміткер қатысуда. Қатысушылардың арасында журналистика саласының ардагерлері де бар.

Қатысушылар төрешінің нұсқауымен жеребе арқылы топқа бөлінді. Ойыншы келесі кезеңге шығуы үшін екі ойынды жеңуі қажет. Екі ойында жеңген ойыншы келесі кезеңге өтеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button