Жаңалықтар

Қарағандыда батырдың құрметіне спартакиада өтті

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатының аумағында құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлерінің арасында ерлікпен қаза тапқан І дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Онтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Капезовты еске алуға арналған спартакиада өтті.

Сурет Орталық аймағының әскери прокуратурасынан

Спартакиаданы Орталық аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Жұмәділов Данияр Бекдаирұлы жеке бастады.

 – Жас ұрпақты тәрбиелеу, елін, жерін қорғайтын патриот ету –  әрқайсымыздың борышымы. Қазақ халқының батыр есімдері мәңгілікке дәріптеліп келеді, қасиетті міндет бүгін де сақталып арамыздан батырлықпен қаза болған қаруласымызды еске алудамыз. Бүгінгі жарыскерлерге тек сәттілік тілеймін, – деді өз сөзінде әскери прокурор Данияр Жұмәділов.

Үстел теннисі, волейбол, шахмат бойынша жарысқа Қарағанды облысының сегіз құрама командалары қатысты, оның арасында Орталық аймағының әскери прокуратурасы, Қарағанды өнірлік гарнизорнынң әскери полиция Басқармасы, Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы, гарнизонандағы әуе қорғанысы күштері, Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік әскери полиция басқармасы, төтенше жағдайлар министрлігі, ҚРМ Жас ұлан командасы.

Шараға батырдың анасы Дильда Капезова мен жұбайы Асемгүл Капезова балаларымен арнайы шақырылған болатын.

 – Менің де балам спортпен шұғылдануды, футбол, волейбол, шахмат, үстел тенисі ойындарын жақсы көретін. Арман баламның құрметіне ұйымдастырып, ұмытпағандарыңызға аналық алғысымды білдіремін. Барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді батырдың анасы Дильда Капезова.

Шара барысында қонақтарға әскери интернаттың аумағы бойынша  шағын экскурсия ұйымдастырылып болған соң, барлығы спорттық сайыстарды тамашалады.

Бір күндік тартысты жарыста спортшылар барлық шеберліктерін алға ұсынып, жеңіске ұмтылу жолында көрермендердің көңілін қалдырмады.

Бір күндік жарыстың нәтижелерін қорытындылай келе, жарыс нәтижесі төмендегідей:

Ерлер арасында шахмат ойыны біріншілігінен 3 орын – Мәди Қарабаев, 2 орын – Сайран Байшиков, 1 орын – Азат Метканов.

Әйелдер арасында шахмат ойыны біріншілігінен 3 орын – Динара Алмакбарова, 2 орын – Мадина Қағиметова, 1 орын – Қарлығаш Есенова.

Ерлер арасында үстел тенисінен 3 орын – Анвар Нуров, 2 орын – Рустам Умурзаков, 1 орын – Нұрбол Макаров.

Әйелдер арасында үстел тенисінен 3 орын – Алина Магауина, 2 орын – Асель Кумарова, 1 орын – Қарлығаш Есенова.

Волейбол ойынынан үздіктер номинациясында: Үздік байланыстырушы – Марғұлан Копбалин, Үздік бұғаттаушы – Серік Жетібаев, Үздік Шабуылшы – Нұрбол Макаров.

Волейбол ойынында үздік топ жарған командалар: 3 орын – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 2 орын – Әуе қорғанысы күштері, 1 орын – ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы.

Орталық аймағының әскери прокуратурасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button