Бас тақырыпБасты тақырыпБілім

Қарағандыда бастауыш сыныптар онлайн оқуға көшті

Бүгін Қарағанды қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0–4 сынып оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бұл шешім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сабақтар мектептердің бекітілген кестесіне сәйкес онлайн форматта өтеді.

Ата-аналар мен оқушыларға мектептер мен білім бөлімінің ресми ақпарат көздерін бақылап отыру ұсынылады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button