АймақБас тақырып

Қарағандыда бастапқы жарнасыз тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Қарағанды қаласының әкімдігі «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Бағдарлама аясында 260 пәтер бастапқы жарнасыз, жылдық 3,1% мөлшерлемемен және мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігімен ұсынылады.

Сурет ЖИ

Бағдарлама талаптарына сәйкес, жалдамалы тұрғын үй тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарға беріледі. Үміткерлер Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында ресми тіркелуі тиіс.

Жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін. Бір шаршы метрдің құны – 1981,95 теңге. Төлемдер ай сайын жүргізіледі. Жал мерзімі аяқталғаннан кейін пәтер толықтай меншікке өтеді.

Тұрғын үйлер Саран қаласында орналасқан. Қазіргі таңда «Химик» шағынауданында №105, 106, 114, 115, 116, 116а, 118, 119, 120, 120а үйлері тұрғындардың  үшін қоныстануы дайын тұр.

Пәтерлердің басым бөлігі екі бөлмелі – 105 (50,4–54,1 ш.м). Үш бөлмелі пәтерлер саны – 99 (58,2–74 ш.м), ал бір бөлмелі – 56 (30,1–34,8 ш.м).

Бағдарламаға қатысу үшін Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 мекенжайы бойынша өтінім беру қажет. Өтінім қабылдау мерзімі – 17 сәуірге дейін. Қабылдау уақыты: 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты 8 (800) 080-44-48 нөмірі арқылы білуге болады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button